Главная » 2013 » Декабрь » 11 » Қайрат Нұртас - Алматы түні сөзі
07:12 Қайрат Нұртас - Алматы түні сөзі |
Ажарлы көркің сұлу жаным, Бір көріп ұнап қалдың. Жүрегім сезген жылу барын, Бір көріп сыр ақтардым. Тайдырды жүзің ұяң жаным, Қолым да дірілдеді. Алматының түнін қиялдадым, Бақытты күнімдегі. Алматының түндері-ай, Махаббаттың мәңгі аралындай. Алматының түндері-ай, Аралайық бірге маралым-ай. Сыңғырлап күлкің, қалды менің, Елестеп құлағыма. Қылығың баурап алды сенің, Баладым сыңарыма. Шынайы сезім жанды мөлдір, Көзіңнің шырағында. Сағынып салсам әнді жаным, Елесің тұрады ма? Алматының түндері-ай, Алатаудың салқын самалындай. Алматының түндері-ай, Ұйқымды ұрлап сен алатындай (2х)
|
|
Всего комментариев: 0 | |